Панель «Записаться на консультацию»: кнопка, телефоны, адреса. Ниже три блока: русский, казахский, английский. Текст из них показывается на всех страницах сайта после публикации.
Раздел «Контакты» на странице Контакты. Ниже три блока: русский, казахский, английский. Текст из них показывается на всех страницах сайта после публикации.
Біз ұстаздарға балаға сияқты үнемі инвестиция құямыз. Ұстаздарымыздың басым бөлігі үш тілде сөйлеп, пәндерін ағылшын тілінде береді.
Исмаил Эльма
Бас директор
Мектеп менеджментіндегі 20 жылдан астам тәжірибе. Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталған.
Меруерт Омарова
Директор
Білім беру саласында 16 жылдан астам, мектепті басқару саласында 8 жылдан астам тәжірибесі бар педагог. WISEFUL (Ұлыбритания) координаторы.
Ерлан Байбулатов
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Білім беру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Педагог. CLIL, STEM бойынша сертификатталған маман.
Бану Әбутәліп
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Safeguarding, child protection және student well-being саласындағы Educare бағдарламалары бойынша сертификатталған маман
Әр ұстаз дамуға ынталы орта құрамыз
Harmony – бұл оқушылардың ғана жағдайын жасап қоймай, оларға сабақ беретін әр ұстаздың да дамуын ойлайды. Біз үшін, өзін кәсіби педагог сезінетін ұстаз балаларға сапалы білім бермек.
1 Педагог – ортаның сәулетшісі
Сабақ өту форматын педагогтің өзіне сеніп тапсырамыз.
2 Даму жұмыстың бір бөлігі ретінде
Кәсіби дамуды қолдау
3 Бірге құрылатын мәдениет
Harmony‑ді команда құрады. Педагогтер шешім қабылдауға қатысады, бастамалар ұсынады және олардың жүзеге асқанын көреді.
«Біз Harmony ұжымында болған әр ұстаз мектебімізді ең жақсы жұмыс орны деп айтқанын қалаймыз.»
Исмаил Эльма
Harmony мектептері Бас директоры
Арманыңыздағы жұмыс орнын Harmony‑ден табыңыз
Біз мектебіміздің құндылықтарын қолдайтын және Қазақстандағы білім берудің жарқын болашағын бірге құруға ұмтылатын адамдарды іздейміз.
Қазіргі уақытта ашық бос орындар жоқ. Жақын арада қайта қараңыз – біз тізімді жүйелі түрде жаңартып отырамыз.
Қажет жұмыс орнын таппадыңыз ба? Бізге жазыңыз
Біз әрдайым білікті әрі дарынды педагогтермен жұмыс істеуге ашықпыз. Егер сіз Harmony құндылықтарына сай келсеңіз және біздің командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе, өтінім беріңіз. Біз әрбір хатты мұқият қарастырамыз. Түйіндемеңізді және өзіңіз туралы қысқаша ілеспе хатты тіркеңіз, өзіңізді таныстырып, қандай пәннен сабақ беретніңіз бен Harmony‑ді таңдау себебіңізді көрсетңіз.